Оқиға • 12 Желтоқсан, 2022

Алматыда адам өліміне әкелген жол апаты болды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Әл-Фараби даңғылында жол апаты болып, көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда адам өліміне әкелген жол апаты болды

Белгілі болғандай, Hyundai Sonata автокөлігі Шығыс айналма жолымен оңтүстік бағыттан Әл-Фараби даңғылына бұрылған. Бұрылу кезінде жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Нәтижесінде автокөлік қарсы келе жатқан қозғалыс жолағына сүйретіліп, жол жиегіндегі аялдамаға, содан кейін туннель қабырғасына қатты жылдамдықпен соғылған.

Оқыс оқиға орнына медицина қызметкерлері, ТЖД, Алматы қалалық Құтқару қызметінің қызметкерлері барды. Олар мәйітті шығарып, жүргізушінің қайтыс болғанын хабарлады. Алған жарақатынан жүргізуші жас жігіт есін жимастан сол жерде көз жұмды.

Болжам бойынша, жүргізуші жылдамдықты шектен тыс асырып, қысқы доңғалақтардың қатты тозуынан рульге ие бола алмай қалған.