Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2022

ШҚО-да ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында, Өскемен – Шемонаиха – Ресей шекарасы республикалық тасжолында жүк көліктері мен қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

ШҚО-да ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді

«ҚазАвтоЖол» АҚ хабарлауынша, қозғалысты шектеу 2022 жылдың 13 желтоқсанында сағат 8:30-да енгізілген.

«Ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты Өскемен – Шемонаиха – Ресей шекарасы тасжолында (105-123 шақырым – бұл Шемонаиха қаласынан  Ресейдің шекарасына дейінгі учаске) ​​жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеулер енгізілді», делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылдың 13 желтоқсанында еліміздің Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Түркістан және Ақтөбе облыстарында дауылды ескерту жарияланған. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, төрт облыста бұрқасын, тұман түсіп, жел күшейеді.