Қоғам • 14 Желтоқсан, 2022

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясын тексеру жұмыстары басталды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратура «АрселорМиттал Теміртау» қызметін тексеруге кірісті. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясын тексеру жұмыстары басталды

Өскенбаев өз сөзінде АМТ бойынша келісімшарттық міндеттемелер қаралғанын айтты.

«Қазіргі уақытта Бас прокуратураның басшылығымен АМТ қызметіне кешенді тексеру жүргізілуде. Нәтижесі кейінірек хабарланады», деді ИИДМ басшысы Үкімет отырысында.

Бұған дейін Премьер-Министр Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатысты шағымдар туралы айтқан болатын. Ол «АрселорМиттал Теміртаудағы» жұмыстың жай-күйі, технологиялық жағдайының нашарлауы үлкен алаңдаушылық туғызып отырғанын мәлімдеді.

«Өнеркәсіптік қауіпсіздікке немқұрайды қарау өлім-жітім санының артуына алып келеді», деді Әлихан Смайылов.

Еске салайық, 8 желтоқсанда кәсіпорынның өндірісінде тағы бір қайғылы оқиға орын алып, соның салдарынан жұмысшы қаза тапқан болатын.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03