Полиция қызметкерлеріне экскаватор жүргізушісі облыс орталығының аумағындағы құрылыс учаскесінде жер қазу кезінде гидромолотпен 6 дана көлемінде тот басқан миналарды қазып шығарғанын айтты.
Қазіргі уақытта табылған заттарды полиция тәркілеген. Сараптама тағайындалды. Алдын ала жасалған болжам бойынша, ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында «құпия» деген белгімен Көкшетау қаласының аумағына әскери зауыт эвакуацияланған.