Қоғам • 14 Желтоқсан, 2022

Қаңтар оқиғасы: Мыңнан астам адамға рақымшылық жасалды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратураның бірінші қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов Қазақстанда қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың қаншасы рақымшылыққа ілінгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасы: Мыңнан астам адамға рақымшылық жасалды

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 1071 адам рақымшылыққа ілінген.

«Атап айтқанда, тергеу органдары сотқа дейінгі сатыда ауырлығы орташа қылмыстарды жасаған сегіз күдіктінің үстінен қылмыстық қудалауды тоқтатты. Сот тоғыз адамға қатысты істі тоқтатты, ал 77 адамға қатысты жаза мерзімі қысқарды», деді Елдос Қилымжанов.

Сондай-ақ ол соттар 902 сотталушының жаза мерзімін қысқартқанын, оның ішінде 827-сі шартты түрде, 75-і жазадан босатылғанын айтты.

Өткен айда рақымшылық актісін қолдану арқылы бас бостандығынан айыру орындарынан 60 адам, пробациялық бақылаудан 68 адам босатылды.