Әлем • 16 Желтоқсан, 2022

Қазақстан Елшісі Король III Чарльзге сенім грамоталарын тапсырды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Мағжан Ілиясов Король III Чарльзге сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Елшісі Король III Чарльзге сенім грамоталарын тапсырды

Букингем сарайында өткен рәсім барысында сұхбаттасушылар екіжақты қатынастардың жағдайы мен перспективаларын талқылады. Тараптар сондай-ақ жасыл энергетикаға көшу, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму мәселелерін талқылады. 

Кездесу аясында Король елдегі және аймақтағы жағдайды сұрап, 1996 жылы Қазақстанға жасаған сапарын еске алды. 

Өз кезегінде, Елші Король Чарльзді елімізге кез-келген ыңғайлы уақытта келуге шақырды. Сонымен қатар британдық монархқа ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Лондонға алдағы ресми сапары туралы хабарлады. 

Король М. Тілеубердінің алдағы сапары Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға септігін тигізеді деген үмітін білдірді. 

Сондай-ақ бұл рәсімнің Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуымен тұспа-тұс келгенін атап өткен жөн.