Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2022

Польшалық саяхатшылар қызылордалық полицейлерден көмек сұрады

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық полицейлер Польша мемлекетінен келген саяхатшыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Польшалық саяхатшылар қызылордалық полицейлерден көмек сұрады

16 желтоқсан күні Польша елінің 5 азаматы Қызылорда облысы Төретам кентіне келіп, кенттен велосипед арқылы Өзбекстан Республикасына қарай бармақшы болған. Алайда күннің суық болуына байланысты олар жолға шыға алмай қалған.

Содан кейін олар ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлерінен көмек сұраған.

Полиция қызметкерлері шетелдіктерге көрші елге қалай жетуге болатынын айтып, велосипедтерімен бірге автобусқа отырғызып көмек көрсеткен.