Қоғам • 22 Желтоқсан, 2022

Астанада жаңа ХҚКО ашылды

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада заңды тұлғалар үшін жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада жаңа ХҚКО ашылды

Бұған дейін заңды тұлғалар қызмет көрсету үшін қарапайым ХҚКО-ларға жүгініп, жеке тұлғалармен бірге кезекте тұрды. ХҚКО жұмысын оңтайландыру және азаматтардың қанағаттанушылығын арттыру мақсатында заң қызметтері бойынша қызмет көрсету үшін жеке ХҚКО ашу туралы шешім қабылданды.

Орталық жаңа жабдықтармен жабдықталған, келушілер үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған.

«Біз заңды тұлғаларға кезекте тұрмай жеке тұлғалардан бөлек қызмет көрсету ыңғайлы болатынын түсіндік. Біз әр клиенттің уақытын бағалаймыз. Енді заңды тұлғаға ақылы негізде бөлек қызмет көрсетуге болады», деп түсіндірді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

Оның айтуынша, келесі жылы бүкіл Қазақстан бойынша заңды тұлғалар үшін ХҚКО-лар ашу жоспарлануда.