ХХІ ғасырдағы ақпараттық дәуірдегі, интернет заманындағы техногендік, технологиялық қауіптерге дайын болатын жаңа мүмкіндіктер мен кәсіби мамандарды даярлау маңызды. Елімізде ақпараттық доктринадан бөлек, БАҚ туралы заң жобасы әзірленіп жатқаны белгілі. Бұл медиа саласының қоғамдағы рөлі маңызды екенін айқындайды.
Әлемдегі соңғы тенденцияларға сай ақпараттық соғыста кім жеңе алады, жеңіс те, ықпал да, қоғамдық пікір де соның жағында болмақшы. «Гибридтік соғыс» деген жаңа термин пайда болды. Осыны ескеретін болсақ, біріншіден, біздің ақпаратымыз өзіміздің нарығымызды түгелдей қамтамасыз ете алатын нарық болуы керек. Сол себепті ақпараттық кеңістігімізді нығайтамыз десек, біріншіден, отандық ақпарат өз нарығымыз бен ішкі сұранысты түгелдей қамтамасыз етуі керек. Екіншіден, әлемге шыға алатын деңгейге көтерілуі ауадай қажет. Сонда ғана, біз ақпараттық тұрғыдан әлемге жақындай түсеміз.
Марат Бәшімов,
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдық кеңесінің төрағасы