Футбол • 23 Желтоқсан, 2022

Әлем чемпионатының шартты құрамы

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболшылардың статистикасын жүргізетін WhoScored интернет басы­лымы Қатарда өткен әлем чемпио­на­тының шартты құрамын жариялады.

Әлем чемпионатының шартты құрамы

WhoScored нұсқасы бойынша әлем бірін­шілігінің символикалық құрамына мына футболшылар енді: Қақпашы – Войцех Щенсны (Польша, 7,9 ұпай), қорғаушылар – Тео Эрнандес (Франция, 7,2), Родри (Испания, 7,4), Харри Магуайр (Англия, 7,4), Ашраф Хакими (Марокко, 7,0), жартылай қорғаушылар – Килиан Мбаппе (Франция, 8,0), Каземиро (Бразилия, 7,5), Джуд Беллингем (Англия, 7,6), Бруну Фер­нандеш (Португалия, 8,2) және шабуыл­шылар Антуан Гризманн (Франция, 7,5), Лионель Месси (Аргентина, 8,2).

Интернет басылымы таңдаулылар тізіміне енген 11 футболшыны әлем чем­пио­натындағы көрсеткіштеріне қарап таңдап алған.