Спорт • 24 Желтоқсан, 2022

Рыбакина әлемдік теннис лигасының финалында өнер көрсетеді

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Елена Рыбакина кіретін Hawks теннис жұлдыздарының командасы Дубай корттарындағы World Tennis League турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рыбакина әлемдік теннис лигасының финалында өнер көрсетеді

Топтық кезеңнің соңғы матчында Елена Рыбакинаның жасағы Eagles командасын 40:24 есебімен талқандады.

Бианка Андрееску / Ник Кириос – Eagles) - Анастасия Павлюченкова / Доминик Тим (Hawks) – 6:4, 4:6, 10:7.

Каролин Гарсия (Eagles) - Елена Рыбакина (Hawks) – 5:7, 1:6.

Андреас Сеппи (Eagles) – Александр Зверев (Hawks) – 4:6, 2:6.