Медицина • 24 Желтоқсан, 2022

Алматыдағы «Совминканың» жетекші кардиохиругтары шеберлік дәрістерін бастады

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы бұрынғы «Совминка» атауына ие болған «Орталық клиникалық ауруханасы» АҚ әуел бастан өзін отандық медициналық ғылымның жол бастаушысы. Сөзіміз дәйекті болуы үшін тек биылдың өзінде аурухана базасында халықаралық деңгейде ондаған алдыңғы қатарлы конференциялар, воркшоптар, шеберлік дәрістері өткізілгенін айтуға болады.

Алматыдағы «Совминканың» жетекші кардиохиругтары шеберлік дәрістерін бастады

Осы демалыс күндері медицинадағы өзекті мәселелердің бірі «Жүректің биологиялық қақпақшаларын импланттау» тақырыбы бойынша кардиохирургтардың кезекті шеберлік дәрістері өткізілмек.

Мұндай операциялар бүгінде күнделікті қолқасы тар пациенттерге жасалып жатады. Ағзаның мұндай кінәраты әдетте жасы келген адамдарда ең ірі қолқа тамырларының бүлінуінен болады. Алайда медицина үнемі дамып келеді, дәрігерлер де жаңа емдеу әдістерін іздеу үстінде, заманауи техника мен материалдарды пайдаланатындықтан, оқыту мен тәжірибе алмасулар да аса қажет.

«Біз бір отаны, яғни биологиялық қақпақша мен вет-лаб орнатуды бейнетрансляциямен жасаймыз – бұл муляждарға жасайтын жаттықтырушының медициналық тәжірибесі, бұл жолы операция шошқа жүрегіне жасалады. Себебі оның жүрегі адам жүрегіне өте ұқсас болғандықтан, осындай медициналық машықтандыруларда пайдаланады. Мұндай кездесулер барлық хирургтар, кардиохирургтарға олардың кәсіби біліктіліктерін арттыру үшін жүргізіледі», дейді кардиолог Ален Қуанышбеков.

Шеберлік дәрісін ОКА-ның хирургия жөніндегі вице-президенті, денсаулық сақтау магистрі – Данияр Аманғалиев ашады. Сонымен бірге профессор, қан айналымы патологиясы институтының директоры Александр Богачев-Прокофьев пен жүрек кемістігі зертханасының аға ғылыми қызметкері Александр Стасев дәріс оқиды.

Шеберлік сыныпқа Алматының барлық клиникаларынан дәрігерлер шақырылған.