Елорда • 24 Желтоқсан, 2022

Бір түнде Астанадан 13 мың текше метрден астам қар шығарылды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23-24 желтоқсанға қараған түні елордадан 13 374 текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бір түнде Астанадан 13 мың текше метрден астам қар шығарылды

Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Бүгінде елорда бойынша қар тазалау жұмыстарына 2,3 мыңнан астам жол жұмысшылары мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Ил

23-24 желтоқсанға қараған түні қаладан полигондарға 13 мың текше метрден астам қар немесе 1 086 жүк көлігі шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап коммуналдық қызметтер қаладан 67 мыңнан астам жүк көлігін, яғни 819 мың текше метрден астам қарды шығарды.

Пр