Қоғам • 26 Желтоқсан, 2022

Қазақстандықтарға 402 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 402 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтарға 402 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

2022 жылдың 11 айында қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 402 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Қараша айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге - 28,5 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша - 9,3 млрд теңге бөлінді.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 527,7 мың, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша - 184,3 мың адамға жетті.

«Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған асыраушының асырауындағы адам санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады», делінген ведомство хабарламасында.

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері - 54 062 теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақы - 50 368 теңгені құрады.

Айта кетсек, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 8,5%-ға артады.