Оқиға • 27 Желтоқсан, 2022

«Ақыртас туралы аңыз»

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрына жиналған жұртшылық «Ақыртас туралы аңыз» атты қойылымның премьерасын тамашалады. Біраз уақыт бойы жарнамасы жер жарған спектакльге деген жұрттың қызығушылығы зор екенін жиналған жастардың көптігінен аңғардық.

«Ақыртас туралы аңыз»

Балалар үшін арнайы дайын­далған ертегі форма­тындағы қо­йылымның авторы Сантөре Пір­манов болса, Жібек жолы бойын­дағы тарихы тереңде жат­қан Ақыртас қалашығының бірне­ше ғасыр бұрынғы тір­шілігін аңыз ретінде жас ұрпақ санасына жеткізуге театр директоры Мәлік Ақүр­пеков атсалысқан.

Жасөспірімдердің санасына адалдық деген ұғымды жан-жақты сіңіруге тырысқан авторлардың еңбегі зая кетпеді. Олар хан сарайына түскен қарақшы Ұсқын образы мен ниеті бұзық Тас-Мыстанның әре­кеттерінен же­рінді. С­оңыра Әулиебұлақ же­рінің жұрты мен Алаңғасар әмір­шінің халқының ымы­раға келуі, жақсылық пен ізгіліктің қай кезде де сатқын­дықты жеңетіні бүл­дір­шіндерді қуантты. Режис­­сер Әулиебұлақ тари­хымен ұш­тастыра оты­рып, киелі жердің соңыра Ақыртас аталуын та­рих­пен сабақтастыра алғаны да көңілге қонды.

– Қойылымның мақсаты – жас ұрпақтың елі мен туған жері туралы танымын арттыру. Мұндағы оқиғалар жас ұрпақты бастаған істі жүзеге асырудағы ауызбіршілікке, өзара ынтымақтастыққа үндейді. Сонымен қатар ұрлықтың түбі қашанда қорлық екенін, жаман­­дықтың жерде жатпайтынын жас ұрпақ санасына жеткізуге күш салдық, – дейді спек­такльдің қою­шы режиссер Ербол Абжалов.

 

ТАРАЗ