Парламент • 27 Желтоқсан, 2022

Заң жобасы қаралады

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Бюросының мүшелері 2022 жылғы 26 желтоқсанда өтетін Палата отырысының күн тәртібін бекітті.

Заң жобасы қаралады

Алдағы Сенат отырысында депутаттар «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарайды.

Заң жобасында халықтың әлеу­меттік қамсыздандырылуын жақ­сарту, балаларды мектепке дейін­гі тәрбиелеу мен оқытуды ұйым­дастыру және қамтамасыз ету, сондай-ақ аудандардың, республикалық маңызы бар қала­лар­дың және астананың инженерлік желілерін, автожолдарын салу және жөндеу мәселелеріне қатысты нормалар бар. Бұған қоса, құжаттың міндеттері жанар-жағармай материалдарын бөлу жүйесін реформалау, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударымдарды есептеу, Үкіметке елде өндірілетін, әкелінетін немесе өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағаларын бекіту бойынша құзыреттер беру, сондай-ақ өзге де өзекті мәселелер қарастырылған.

Сонымен қатар Палата отыры­сының күн тәртібіне «Қазақ­стан Республикасының кейбір конс­титуциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да енгізілді.

Аталған заң жобасы сот жүйесін, мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін жетілдіруге, «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамытуға және оның юрисдикциясын пайдалануға бағытталған.