Журналист өзінің Instagram парақшасында оқиға орнында түсірілген бейнеролик жариялады. Онда жұмысшылардың мемориалды қызыл лентамен қоршап, жұмыс істеп жатқанын байқауға болады.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл жайлы түсініктеме берді.
«Мемориал жабылған жоқ және жабылмайды. Белгілі бір учаскелерде мамандар ескертулер бойынша шағын жұмыстар жүргізеді», делінген әкімдік хабарламасында.