Қоғам • 28 Желтоқсан, 2022

Мәжілісте Тұңғыш Президент туралы заң қаралады

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілісте Тұңғыш Президент - Елбасы туралы заңның күшін жою құжаты қаралады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжілісте Тұңғыш Президент туралы заң қаралады

Мәжіліс отырысының күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшін жою» Конституциялық заң жобасы қаралады. 

Қараша айында Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Тұңғыш Президент туралы заң жыл соңына дейін тоқтатылатынын айтқан еді.

Бұған дейін Әділет министрі Қанат Мусин бұл заңның референдумнан кейін тоқтатылуы туралы шешім қабылданғанын түсіндірді.

«Конституциядан Тұңғыш Президент туралы жеке заң болуы керек деген норма алынып тасталғандықтан, сәйкесінше бұл заң да алынып тасталуы керек. Бұл қабылданған түзетулерге сәйкес кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы аясында болады», деді министр.