Білім • 28 Желтоқсан, 2022

Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

Оның есімі «Болашақ» стипендиясының жаңа иегерлерінің тізіміне енді.

Танымал қазақстандық орындаушының қай университетке түскені әзірге белгісіз.

р

Еске салайық, 2022 жылдың үшінші легінде шәкіртақы тағы 178 қазақстандыққа берілді. Оның 60-ы магистратураға, 8-і әлемнің үздік университеттерінің докторантурасына түсті. «Тәжірибе» бағдарламасы бойынша 110 стипендиат оқытылады.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері 20 елдің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында академиялық тағылымдамадан өтеді. 93 адам АҚШ университеттерінде, 47 адам Ұлыбритания және басқа елдердің университеттерінде оқиды.