Оқиға • 30 Желтоқсан, 2022

Динара – әлемнің вице-чемпионы

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионатында Динара Сәдуақасова жылдам шахматтан (рапид) дүниежүзілік доданың күміс жүлдегері атанды. Жерлесіміз бен қытайлық Тань Чжунъи 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинап, алтын және күміс жүлденің иегерін анықтау үшін тай-брейкте шеберлік байқасты. Тек қосымша ойында сәл ғана басымдық танытқан Тань Чжунъи бас жүлдені жеңіп алды.

Динара – әлемнің вице-чемпионы

Динара әлем чемпионатының күміс жүлдесін олжалағанға дейін төрт турда тең ойнап, кейінгі алты партияда жеңіске жетті. Турнир барысында отандасымыз әлемнің ең мықты шахматшыларының бірі ресейлік Александра Горячкинаны жеңгенін айта кеткен жөн. Естеріңізде болса, осыдан тура бір жыл бұрын Польша астанасы – Варшавада өткен әлем чемпионатында 18 жастағы отандасымыз Бибісара Асаубаева да шахматтың рапид түрінен күміс жүл­деге ие болған еді.

Өз елімізде тұңғыш рет өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионатының ра­пид түрінен сынға түскен өзге қыз­дары­мыздың нәтижесіне тоқталар болсақ, Жансая Әбдімәлік 5-сатыдан көрінсе, Алуа Нұрманова – 23, Әмина Қайырбекова – 26, Бибісара Асаубаева 29-орыннан көрінді.