Қоғам • 30 Желтоқсан, 2022

Қазақстанда 4 мыңнан астам сайт бұғатталды

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының м.а. Қайсар Сұлтанбаев балалар жылы аясында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 4 мыңнан астам сайт бұғатталды

«Заңсыз мазмұны бар интернет-ресурстарды анықтауға бағытталған іс-шараларға ерекше назар аударылды. Биыл құқыққа қарсы бағыттағы 4 мыңнан астам интернет-ресурстар анықталып, бұғатталды», деді Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, балалар жылын өткізу жөніндегі ведомстволық жоспар аясында имидждік, әскери-патриоттық және профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Сондай-ақ полиция мектептердегі қауіпсіздік, заңнама, бейтаныс адамдармен және қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс ережелері туралы оқыту сабақтарын ұйымдастырды.