«3 қаңтарда сағат 08:00-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Еңбекшіқазақ ауданында Шелек ауылынан 80 шақырым жерде таулы жерлерде Бортоғай су қоймасында жеті адамнан (төрт ер адам, екі әйел және бала) тұратын отбасы жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті», делінген ТЖМ хабарламасында.
Жоғалған адамдарды іздеу үшін ТЖ департаментінің, Республикалық жедел-құтқару жасағының, жергілікті атқарушы органдардың және аудандық полиция бөлімінің күштері жұмылдырылған.