Тағайындау • 04 Қаңтар, 2023

Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды

1163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды

А. Оралов 1990 жылы Павлодар облысында туған. 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетін, ҚР СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Әлеуметтік тәрбие жұмысы департаменті Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы ретінде бастады. 

2013-2016 жж. — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Протокол бөлімінің аға маманы.

2014 жылдан 2016 жыл аралығында — «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалының төрағасының бірінші орынбасары.

2016-2017 жж. — «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысының м.а. 

2017-2018 жж. — «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы. 

2018 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін — Дін және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры. 

2018 жылдың тамыз айынан 2019 жылдың сәуір айы аралығында Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасының орынбасары болып еңбек етті. 

2019-2020 жж. – Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 

2020-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.

2021-2022 жылдары – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары қыхметін атқарды.

2022 жылдың 2 ақпанынан бастап – «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы болып тағайындалды.