Аймақтар • 04 Қаңтар, 2023

Павлодар облысында 118 автокөлік жолда қалып қойды

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зардап шеккен адамдар жылыту пункттеріне орналастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында 118 автокөлік жолда қалып қойды

«Екібастұз маңындағы Шідерті кентінде 118 автокөлік тұрып қалған, оның ішінде 26 жүк және 87 жеңіл көлік, 5 автобус бар. Адамдардың жалпы саны 225, оның ішінде 15-і бала», деп хабарлады Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір өңірде үш жылыту пункті іске қосылды: «Сарухан», «Ақжол» қонақүйлері және Шідерті кентінің мешіті, онда 86 адам (35 адам, оның ішінде төрт бала - «Сарухан» қонақүйінде, 16 адам - «Ақжол» қонақүйінде және 35 адам, оның ішінде 2 бала - кент мешітінде) орналасқан.

Айта кетсек, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ қызметкерлері автожолды төрт аралас жол машинасымен және бір жеңіл автомобильмен, К-700 (МТЗ) төрт тракторымен қардан тазартып жатыр.

«ТЖД күштері мен құралдары (5 қызметкер және 2 бірлік техника), жергілікті полиция қызметі (7 қызметкер және 4 бірлік техника), әкімдік қызметкерлері (3 адам және 2 Машина) жұмылдырылды. Жергілікті атқарушы органдар Шідерті кентінің мектеп асханасында ыстық тамақ ұйымдастырды», деп толықтырды ТЖД.