Туризм • 04 Қаңтар, 2023

Атыраудың туристік әлеуетін дамытуға 11 млрд теңге жұмсалады

472 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырауда туризм саласындағы инвестициялық жобаларға 11 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы облыстың кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы Жаннат Сабырғалиева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Атыраудың туристік әлеуетін дамытуға 11 млрд теңге жұмсалады

2025 жылға дейін облыста туризм саласында 338 жаңа жұмыс орны құрылады. 10,8 млрд теңге сомасына тоғыз инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жоба аясында «Сарайшық» визит-орталығы бюджет есебінен салынады, тағы 8 жоба жеке инвестициялар есебінен іске асырылады. Қазіргі уақытта төрт жоба іске асырылды - «Нұрлы тал» этнопаркі, Құрманғазы ауданында екі туристік демалыс базасы және Мақат ауданында кемпинг құрылды.

Ро

«2023 жылы облыста түрлі көрмелер, фестивальдар өткізу жоспарланған, онда облыс қолөнершілері мен дизайнерлері өз өнімдерін көрсете алады. Туризмді насихаттау үшін өңірде туроператорлар, БАҚ өкілдері мен жастар үшін ақпараттық тур ұйымдастырылады. Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту, Құрманғазы ауданындағы әйгілі лотос алқабы туралы бейнероликтер жасалады, Индер көлінің құқықтық мәртебесін анықтау бойынша сараптамалық-зерттеу жұмыстары жүргізіледі», деді Жаннат Сабырғалиева.

Оның айтуынша 2022 жылы облыста туристер саны 108 мыңнан асты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш есе көп. Сондай-ақ 2022 жылы алты туристік нысанда QR-кодтар орнатылған, соның арқасында туристерге бес тілде ақпарат алуға және 3D-тур жасауға мүмкіндік беріледі.

Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту үшін жыл сайын көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін «Өз еліңді біл» жобасы аясында Астана, Алматы, Ақтау қалаларына экскурсиялар ұйымдастырылады.

По