Аймақтар • 04 Қаңтар, 2023

Алматы тауларында қар көшкіні болды

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Шымбұлақ ауданында қар көшкіні болды, зардап шеккендер жоқ, деп жазады Egemen.kz.

Алматы тауларында қар көшкіні болды

«Кіші Алматы бассейніндегі Эдельвейс шыңы ауданында көлемі 700 текше метрге жуық қар көшкіні жүрді. Түскен қар массасы «Шымбұлақ-Тұйық су» жолына тоқтап, жолды жауып тастады. Зардап шеккендер жоқ. Автожолды тазалау Қазселденқорғау күштерімен жүргізілді», деп хабарлады Алматы ТЖД.

Құтқарушылар қала тұрғындары мен туристерден қар көшкініне байланысты тауға барудан бас тартуды сұрайды. Алматы тауларында - Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні әлі де болуы мүмкін.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Үлкен Алматы көлі мен Шымбұлаққа апаратын жолдар уақытша жабылып, блок-посттар қойылды.