Коронавирус • 05 Қаңтар, 2023

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны көбейді

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте 115 адамнан коронавирус анықталды, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны көбейді

Сонымен қатар 2 447 адам коронавирус инфекциясынан (–2 273+ және 174 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 305 пациент стационарда, 2 142 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 14 адамның жағдайы ауыр,
  • 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.