Қазақстан • 05 Қаңтар, 2023

Қазақстандағы McDonald's мейрамханалары жұмысын тоқтатады

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Food Solutions KZ» ЖШС басқаратын фастфуд мейрамханалар желісі жеткізілім шектеулеріне байланысты Қазақстандағы McDonald's брендімен жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандағы McDonald's мейрамханалары жұмысын тоқтатады

Бұл туралы бүгін McDonald's-тың Қазақстандағы баспасөз қызметі хабарлады.

«Қызметтің қайта жандануы мен мейрамханалардың жаңа атаумен ашылу мерзімі жақын арада белгілі болады», деп хабарлады McDonald's баспасөз қызметінен.

Қазақстандағы McDonald's брендімен аталған алғашқы мейрамхана 2016 жылы ашылған еді. Кейін Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды ​​қалаларында McDonald's-тың 24 мейрамханасы ашылып, 2000-ға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етті.

Бұған дейін 2022 жылдың 18 қарашасынан бастап Қазақстандағы McDonald's («Food Solutions KZ» ЖШС) өзінің барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтататынын хабарлап, мейрамханалардың ашылу мерзімі әлі белгісіз екенін атап өтті.