Қоғам • 06 Қаңтар, 2023

Қаңтар оқиғасынан зардап шеккендерге көмек көрсетілді

321 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры өткен жылдың қаңтарында орын алған оқиғалар кезінде зардап шеккен 540 адамға 2 млрд 112 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасынан зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Атап айтқанда:

  • Қаза тапқан 19 әскери қызметшінің, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларына - 133 млн теңге (7 млн теңгеден);
  • Ауыр жарақат алған 111 әскери қызметшіге, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне - 333 млн теңге (3 млн теңгеден);
  • Қаза тапқан әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары мен Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларындағы 23 кәмелетке толмаған балаға - 46 млн теңге (әрбір кәмелетке толмаған балаға 2 млн теңгеден);
  • Қаңтар оқиғаларының кездейсоқ құрбаны болған 135 азаматтың отбасыларына - 945 млн теңге (7 млн теңгеден);
  • Кездейсоқ құрбан болған қаза тапқан азаматтардың отбасыларындағы 101 кәмелетке толмаған балаға - 202 млн теңге (әрбір кәмелетке толмаған балаға 2 млн теңгеден);
  • Атыс қаруынан зардап шеккен және жәбірленуші деп танылған 138 ауыр жараланған кәмелетке толған азаматтарға - 414 млн теңге (3 млн теңгеден);
  • Қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алған 13 баланың отбасыларына - 39 млн теңге (3 млн теңгеден).

Айта кетсек, Қор сайтында қаржылық көмек алған азаматтардың тізімі жарияланды.

Бүгінгі таңда Қор қаңтар айындағы оқиғалардың кездейсоқ құрбаны болып, қаза тапқан азаматтардың 12 отбасына және атыс қаруынан зардап шеккен және жәбірленуші деп танылған 131 ауыр жараланған кәмелетке толған азаматтарға қайырымдылық көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.