Коронавирус • 08 Қаңтар, 2023

Коронавирус жұқтырған 15 адамның жағдайы ауыр

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 169 адам анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коронавирус жұқтырған 15 адамның жағдайы ауыр

Сонымен қатар 2 517 адам коронавирус инфекциясынан (–2 375+ және 142 КВИ-) ем қабылдап жатыр, олардың ішінде 272 пациент стационарда, 2 245 науқас амбулаториялық деңгейде.

«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 15 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», деп жазылған хабарламада.