Оқиға • 08 Қаңтар, 2023

Сенегалда екі автобус соқтығысып, 40 адам қаза тапты

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кафриннен алты шақырым жерде «Horaire» тасымалдаушы компаниясының екі жолаушы автобусы соқтығысты. Автобустардың бірі Дакардан, екіншісі Кедугуден келе жатқан еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенегалда екі автобус соқтығысып, 40 адам қаза тапты

Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан 40 адам қаза тауып, ондаған жолаушы жарақат алған.

Жан түршігерлік апатқа автобустардың бірінің дөңгелегі жарылуы себеп болған. Осының салдарынан жолаушылар көлігі алға шығып, ол басқа автобуспен бетпе-бет соқтығысты.

Сенегал президенті Макки Салл қайғылы оқиғаға байланысты республикада үш күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады. Сондай-ақ, республика билігі жақын арада «жол қауіпсіздігі мен жолаушыларды қоғамдық көлікпен тасымалдауды қамтамасыз ету бойынша шешуші шараларды» қабылдайтын ведомствоаралық кеңесті шақыруды жоспарлап отыр.