Қоғам • 09 Қаңтар, 2023

Еліміздегі эпидемиялық ахуал

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова елдегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай және шектеу шараларын енгізу қағидалары туралы түсініктеме берді. Оның мәліметінше, еліміздегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Еліміздегі эпидемиялық ахуал

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер был­тыр қараша айының соңынан бастап сыр­қат­тан­у­шылықтың өсуі байқалса, желтоқ­сан айында сырқаттанғандардың орташа тәулік­тік саны КВИ+ 200-ге дейін және КВИ- 10-ға дейінгі жағдайды құрағанын жеткізді. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңір жасыл аймақта орналасқан. Республика бойынша және Павлодар облысын қоспағанда, 19 өңірде инфекцияның таралу көрсеткіші (R) бірліктен төмен. Ал бөлінген штамдардың соңғы реттілігі республикада 100 пайыз жағдайда Covid-19 Омикрон нұсқасының айналымы анықталғанын көрсеткен. «Елі­мізде және әлемде коронавирус­пен сыр­қаттанушылықтың өсуіне байланысты қо­сымша шектеу шараларын енгізу туралы БАҚ-тың көптеген сұрауын ескере отырып, Қазақстанда елге кіру кезінде де, әлемнің кез келген еліне, оның ішінде ҚХР-ға шығу кезінде де қандай да бір шектеу шараларын енгізу жоспарланбайды», деді Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер.

Сонымен қатар А.Есмағамбетова халыққа уақтылы вакциналауды және ревакциналауды, адам көп жиналатын орындарда бетпердені пайдалануды, ондай орындарға баруды шектеуді, қол­ды өңдеу үшін антисептиктерді немесе де­зин­фек­циялық майлықтарды пайдалануды ұсынды.