Елорда • 09 Қаңтар, 2023

Елордада өзіне қол салмақ болған ер адам құтқарылды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана полицейлері 24-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды. Желіде құтқару сәтінің видеосы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Елордада өзіне қол салмақ болған ер адам құтқарылды

Түн ортасында елорда полицейлеріне Сарайшық көшесінің бойындағы көпқабатты үй балконының қоршауында ер адамның секірмек болғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына Ержан Айса мен Нұрсұлтан Егембайдан тұратын патрульдік полиция полкінің жасағы жіберілді.

Оқиға орнына жеткен полицейлер балкон қоршауының артында иіліп, төменге секірмек болған ер адамды көрді. Тәртіп сақшылары жағдайды бағамдап, уақытты босқа өткізбей тез арада жоғары көтерілді. Оларды байқаған ер адам оларға «жақындамаңдар» деп айқайлай бастады. Қалыптасқан жағдайды бағдарлай отырып, полицейлер ер адаммен диалог құруға тырысқан. Тәртіп сақшылары оның алданып тұрған сәтін пайдаланып, оған тез жүгіріп барып, артынан ұстап, балконның ішіне тартып кіргізген. Содан кейін олар ер адамды қауіпсіз жерге апарып, стресстік жағдайды шешуге көмектесіп, тыныштандырған.

Құтқарылған азамат Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілді. 28 жастағы жігітті бөтен әрекетке не итермелегені белгілі болды.