Кино • 10 Қаңтар, 2023

Қазақша «Аватардың» рекорды

521 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда Голливуд фильмдерін дубляж жасаудың 12 жыл­дық тарихында қазақ тіліне аударылған «Аватар: су жолы» фильмі алғаш рет кассалық табыс бойынша абсолюттік рекорд орнатты. Бұл жаңа­лықты Disney сту­дия­сының ТМД және Қазақстандағы ресми дистрибьюторы – Meloman компания­сы хабарлады.

Қазақша «Аватардың» рекорды

Джеймс Кэмеронның қазақ тіліне аударылған фильмі 69 миллион тең­геден аса рекорд соманы жинады. Қа­зақ тіліндегі сеанстарды барлығы 42 мың­нан аса көрермен тамашалады.

– «Аватар: су жолы» – 2022 жылы қа­зақ тіліне аударылған Дис­ней­дің үшінші фильмі. Дубляжды шығар­малары сауатты әдеби стильмен ерек­шеленетін Aray Media Group студиясы жасады. Фильм­дер – тілді танымал етудің тамаша тәсілі. Фильмдер сөздік қорды байытуға, сондай-ақ түрлі сөз тіркес пен өрнекті қол­данудың мәнмә­тінін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл фильмді екінші рет білім беру мақсатында кө­руге болады, – дейді компания өкілдері.

Meloman-ның ресми мә­ліме­тінше, фильмнің ТМД елде­ріндегі жалпы кас­салық алым­дары 7,3 миллион доллар­дан (3,4 миллиард теңге­ден астам) асты, бұл «Аватар: су жолы» про­катының басталуын ТМД тари­хын­дағы ең сәтті етті. Тек Қазақ­стан­дағы көрермен саны бір миллионнан асты. Фильм кассасы 4,1 миллион доллардан асатын Marvel-дің «Өрмекші адам: үйге қайтар жол жоқ» және 3,9 миллион доллар­дан асатын «Доктор Стрэнж» фильмдерін артта қал­дырды.

«Кэмеронның туындысы еліміздің прокат тарихындағы ең кас­салық көр­кем және анима­циялық фильм­дер тізімін­де бірінші орында тұр. Көрер­мен­­дер мен баспасөз өкілдері фильмді Голливудтың ең ма­ңыз­ды картиналарының бірі деп атады. Бұл, шын мәнінде, бүкіл сала үшін тарихи және мә­дени кезең. Оның маңызын толық бағалау үшін егжей-тегжейлі талдап, бірнеше шолу жасау керек», деді компания өкілдері.