Оқиға • 10 Қаңтар, 2023

Спортшыларға пәтер кілтін тапсырды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов өңірдің ғана емес, ел намысын абыроймен қорғап жүрген бірқатар спортшыға пәтер кілтін табыстады. Негізінен жаңа пәтерге қоныстанған спортшылар ХХІV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері екенін айта кеткен жөн.

Спортшыларға пәтер кілтін тапсырды

Жаңа пәтер кілтіне ие болған саңлақтардың қатарында еркін күрестен 57 килограмм салмақ дәрежесінде Бразилияның Ка­шиас-ду-Сул қаласында өткен Сур­длимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ғабит Есжанов, дәл сол додада 74 килограмм сал­мақта екінші орын иеленген Ғасыр Тұрғынбай, сондай-ақ атал­ған аламанда жүлдегерлер қатарынан көрінген Анна Кра­морова, Асан Нұржан, Фериде Кара Оглы, Олжас Рысжанов, Эве­лина Егембердиева, Айдос Түгелбаев бар.

«Тәні саудың – жаны сау» демекші, Мемлекет басшысы бұ­қа­ралық спортты дамытуға қа­тысты нақты міндеттер жүктеп отыр­ғаны бекер емес. Бізде бұған барлық мүмкіндік бар.

Облыстың барлық қалалары мен аудан орталықтарында, сон­дай-ақ ауылдарда заманауи спорт залдары мен арнайы алаңдар саны артып келеді. 2024 жылы Франция астанасы Париж қаласында өтетін жазғы Олимпия ойындарынан жамбылдық спортшылардың бірі алтын жүлде алуға тиіс. Жер­гі­лік­­ті атқарушы билік спортшы­ла­рымыздың зор табыстарға жетуі үшін қолдан келген көмекті аямайды», дейді өңір басшысы Нұржан Нұржігітов.

 

ТАРАЗ