Мұндай шешім жолдарда төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында қабылданды.
«Ауа температурасының төмендеуі көліктердің жанармай жүйесінің қатып қалуына әкелуі мүмкін. Жүргізушілерді алыс жолға шықпауға және ауа райының өзгеруін бақылауға шақырамыз», деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».
Республикалық маңызы бар жабық жолдар туралы сенімді ақпаратты «ҚазАвтоЖол» АҚ тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығының 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.