Руханият • 11 Қаңтар, 2023

«Ұшқан ұядан» тәлім алады

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында өңір руханиятындағы үздік шығармаларды насихаттау мақсатында қолға алынған «Бір өңір – бір кітап» облыстық акциясының салтанатты ашылуы өтті.

«Ұшқан ұядан» тәлім алады

Аталған іс-шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері және М.Х.Ду­ла­ти атындағы Тараз өңірлік уни­верситетінің оқытушы-профес­сорлары қатысып, көкейде жүрген ойларын ортаға салды. Қысқасы, кітапхана қызметкерлері акция аясында Кеңес Одағының Батыры, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқ­ты жауынгері Бауыржан Момыш­ұлының шығармалары насихатталатынын тілге тиек етті.

Іс-шара барысында сөз алған жазушы-драматург Елен Әлімжан, «Дулатитану» ғылыми-зерттеу ор­та­лығының директоры Сәмен Құл­барақ, өзге де азаматтар батыр шығар­машылығын насихаттау кезінде барлық буын өкілдерін қамту­дың маңызы зор екенін сөз етті.

Соңынан аталмыш кітапха­наның қызметкерлері Бауыржан Момыш­ұлының «Ұшқан ұя», «Қан­мен ­жазылған кітап», «Арпалыс» секілді өзге де шығармаларына би­­блио­графиялық шолу жасап, іс-шараға белсене қатысқан мейман­дарға ризашылығын жеткізді.

 

ТАРАЗ