Интернет-дүкен туралы ақпарат жинап, жұмыс схемасын және оның әкімшілерін зерттегеннен кейін қылмыскерлер жүргізген қаржылық операцияларға бақылау жасалды. Осы кезеңде Қаржы мониторингі агенттігінің қаржылық барлау бөлімшесінің мамандары жұмысқа қосылды. Мамандармен «дроп» деп аталатын жалған тұлғалардың банк карталарына түсетін барлық ақша аударымдары туралы мәліметтер жинақталды.
Интернет-дүкеннің қызметтерін 500-ден астам тұтынушы пайдаланғаны анықталды. Оның жұмысы барысында бөгде адамдардың төлем карталары арқылы есірткі сату бойынша кемінде 15 мың мәміле жүргізілген.
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев түсіндіргендей, жойылған интернет-дүкен арқылы синтетикалық есірткілердің тек жаңа түрлері ғана сатылған.