2020 жылы жаңғыртылып көгілдір отынға қосылған қазандық арқылы 70-тен астам көпқабатты және жеке сектордағы 112 үй жылытылады. Сонымен бірге 8 мемлекеттік мекеме мен 97 бизнес және өзге де орталықтар жылумен қамтамасыз етіледі. Қазір аталған нысандарға насосты стансалар арқылы жылу беріліп жатыр. Арнайы құрылған комиссия жарылыстың неден туындағанын анықтайтын болады. Мамандар апат орнын тазалап, қосымша пешті іске қосты.
«Қазіргі таңда қалада 10 қазандық бар. Оның ішіндегі бесеуін газға ауыстырғанбыз. Қалған бесеуі көмір жағады. Бұдан бөлек мектептердің өз қазандығы бар. Ауруханалардың кейбірінің жеке қазандығы бар. Бәрі қалыпты деңгейде жұмыс істеп жатыр. Жылумен қамтамасыз ету толық жүргізілуде», қала әкімі Әсет Масабаев.
Айта кетелік, қаладағы жылу жүйесінің 62 пайызы ескірген. Қала әкімінің айтуынша, құбырлар мен жылыту қазандықтарын жаңғырту үшін бес жылдық жоспар жасалған. Соған сәйкес ауыстыру, жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жетісу облысы