Аймақтар • 12 Қаңтар, 2023

Абай облысында екі адам газдан уланған

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысында екі адам газдан уланып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында екі адам газдан уланған

Кеше таңғы сағат 8-де «112» пультіне екі адам улы газдан уланғаны туралы ақпарат түскен.

«Жылыту пешінің мұржасы тартылмағандықтан, екі адам улы газдан уланған. Олар 1961 жылы туған ер адам мен 1967 жылы туған әйел. Жәбірленушілер Семей қаласының «Бүйрек орталығының мекемесі» токсикология бөліміне жатқызылды, жағдайлары орташа», деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.