Қоғам • 12 Қаңтар, 2023

Түркі инвестициялық қорына мүше лауазымды тұлғалар кездесті

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Стамбулда Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдад Әміреевтің төрағалығымен Түркі инвестициялық қорына мүше мемлекеттердің экономика және қаржы министрліктері мен тиісті қаржы институттарының жоғары лауазымды тұлғаларының отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz Түркі инвестициялық қоры президентінің кеңсесінің баспасөз бөлімі таратқан дерекке сілтеме жасап.

Түркі инвестициялық қорына мүше лауазымды тұлғалар кездесті

2022 жылғы 11 қарашада Самарқандта өткен Түркі инвестициялық қорын құру туралы 9-шы Саммитте ОТС Мемлекет басшылары кеңесінің қабылдаған шешіміне сәйкес тиісті министрліктердің жоғары лауазымды тұлғалары Инвестициялық қорды құру туралы келісімнің түпкілікті жобасын талқылады.

р

ж

Алғашқы бас қосуға Әзірбайжан Республикасы Экономика министрлігінің жетекші кеңесшісі Тебрик Бабаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің басшысы Ержан Әбіш мырза, Қырғыз Республикасы Экономика министрінің орынбасары Қанат Абдулрахманов, Түркияның Қазынашылық және Қаржы министрлігі Бас директорының сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі орынбасары Бенгу Айтекин ханым және Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің заң департаментінің басшысы Сардор Рузиев мырза қатысты.