Өнер • 13 Қаңтар, 2023

Сыншылар сыйлығы қай театрға бұйырды

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоштасқанымызға санаулы күндер ғана өткен ескі жылда Алматыда Қазақстан Республикасы Театр сыншылары қауым­дастығы өзінің дәстүрлі сыйлығына қандай қойылым лайық­ты екендігін анықтаған-ды. Сыншылар қауым­дасты­ғының нұсқасы бойынша «Жылдың үздік балеті» атағы «Астана Балет­тің» «Жібек жолы» спектакліне берілді.

Сыншылар сыйлығы қай театрға бұйырды

Дәстүр бойынша беделді сын­шыла­р бірлестігі 2022 жыл­ғы үз­дік­терді анықтау үшін елі­міз­дің барлық театр­ына сауалда­ма жолдай­ды. Сауалдамада ел театрла­рындағы шығармашылық үрдіс, репертуа­р құру саясаты, көрермендердің спектакльге келуі, сонымен қатар осы үрдісті уақтылы сараптамадан өткізуге байланысты сұрақтар қамтылған. Яғни осының бәрі де отандық және халықаралық театр қауымдастықтары, кәсіби мамандар мен ресми мем­лекет­тік мекемелер тарапынан қы­зы­ғушылық тудыратын мә­се­лелер.

Сонымен 2022 жылдың қоры­тындысы бойынша, «Астана Ба­лет» театры төмендегі ата­лым­дар бо­йын­ша сыншылар тағайын­даған сыйлықтармен марапатталды.

«Жылдың үздік балеті» атағы – ақын Бақыт Қайырбековтің либреттосына театрдың бас ба­лет­мейстері Мукарам Авахри қой­ған «Жібек жолы» спектакліне берілді. Қойылымның табысты болуына Арман Амар, Ренат Ғайсин, Владимир Иванофф және Омар Фарук Текбилек сынды танымал өнер қайраткерлері атсалысқан. Бұл қошеметке ие болу үшін костюм суретшілері – Әсел Шалабаева мен Дина Буксикова, сценограф – Асқар Ысқақов, бейнесуретші – Нұрлан Керей, жарық суретшісі – Роберт Даутов та аз еңбек сіңірмеген.

Ал «Үздік балет әртісі» жүл­десі – «Орфей мен Эвридика» спек­такліндегі Эвридика рөлін сомдаған театрдың жетекші солисі Татьяна Тенге бұйырды.

 

АЛМАТЫ