2023 жылдың 10 қаңтарында полицейлер арнайы операция жүргізіп, Талғар ауданы аумағында синтетикалық есірткі өндіретін зертхананы анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есірткі зертханасы Жаңалық кентіндегі үйлердің бірінде жұмыс істеген.
Полиция қызметкерлері тінту кезінде 8,39 грамм мефедрон есірткі затын, 30 литр мөлшеріндегі прекурсорлар, салмағы 2 кг 162 гр БК-4, жалпы салмағы 2 кг-нан асатын метиламин, сондай-ақ 20 грамнан астам марихуананы әшкерелеп, тәркіледі. Сонымен қатар есірткі құралдарын дайындауға және қолдануға арналған түрлі заттар тәркіленді.
Аталған дерек ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі бойынша Талғар ауданы ПБ-да тіркелді. Күдікті деп танылған 34 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Жанқош Тұраров әлем чемпионы атанды
Спорт • Кеше
«Қажымұқанның інісі». Түйе көтерген палуан
Қоғам • Кеше
Тазы асыраушы Президентке Наурыз есімді күшікті сыйға берді
Президент • Кеше
Рамазан айында қай автобустар тегін қатынайды?
Қоғам • Кеше
Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұқсас жаңалықтар