Аймақтар бойынша:
Шымкент қаласы бойынша Нұрлан Бекназаров (76,7%) ең көп дауыс жинады.
Абай облысында Қайрат Тастекеев 82,4% дауыс жинады.
Астанада қаласы бойынша Сенат төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай (62,2%) ең көп дауыс жинады.
Жетісу облысы бойынша басым дауысқа Амангелді Толамисов ие болды.
Ал Қарағанды облысында Серік Өтешов үшін 147 депутат дауыс берген.
Қызылорда облысында Руслан Рүстемов 95 дауыс жинаған.
Батыс Қазақстан облысында Арман Өтеғұловқа дауыс берушілердің 73,7 пайызы жақтасқан.
ШҚО-да Шәкәрім Бұқтығұтов 86% дауыс жинады.
Ақтөбеде Амангелді Нұғмановқа 148 адам дауыс берген.
Маңғыстау облысы бойынша Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлы 85 дауыс жинаған.
Ақмола облысындағы алдын ала қорытынды бойынша Талғат Жүнісов ең көп дауыс (199) жинады.
Қостанай облысы бойынша Ғауез Нұрмұхамбетов (83,1%) көп дауыс жинады.
Алматыда Жанна Асанова ең көп дауыс жинады.
Түркістан облысында Мұрат Қадырбекке 200 дауыс берген.
Павлодар облысы бойынша Ернұр Айткенов 87,1% дауыс жинаған.
Ұлытау облысында Советбек Медебаев (61,7%) көп дауыс жинады.
Атырау облысында Әлібек Нәутиевке көп дауыс берілген.
Алматы облысында Жанболат Жөргенбаев 83,2% дауыс жинаған.
Солтүстік Қазақстан облысында Гүлмира Кәрімованың кандидатурасын 144 адам қолдады.
Жамбыл облысында Сәкен Арубаев ең көп дауыс жинады.