Шеберлік сағатына жиналушылардың қарасы қалың болды. Келушілер тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жан-жақты жауап берген қолөнер шебері тықыр кілем, гобелен, басқұр тоқудың техникаларын іс жүзінде жан-жақты көрсетіп, жылдар бойы жинаған тәжірибесімен бөлісті.
«Білгенімізді кейінгі толқынға үйрету, ұлттық өнерді насихаттау – баршамыздың парызымыз. Байырғы бабалардан жалғасып келе жатқан мирас өнерді кейінгі жастардың ұмытпағаны дұрыс. Өйткені ықылым заманнан бері жалғасып келе жатқан өнеріміз ешқашан өлмеуі тиіс. Біз соған мүдделі болуымыз керек», дейді шебердің өзі көкейде жүрген ойымен бөлісіп.
«Анаға тағзым» орталығының басшысы Эльмира Мырзағалидың айтуынша, алдағы уақытта да орталықта ұлттық құндылық-
тарды дәріптеуге арналған іс-шаралар легі толастамақ емес.
ТАРАЗ