Үкімет • 15 Қаңтар, 2023

Бекет инфрақұрылымын нығайту

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Қар­жы және бюджет ко­митетінің кеңейтілген отырысында Қазақстан мен Қырғызстан ара­сын­дағы өткізу пункттерін да­мыту мәселесін тал­қы­­лады.

Бекет инфрақұрылымын нығайту

Депутаттар Мәжіліс қа­был­даған «2014 жылғы 29 мамыр­дағы Еуразиялық экономи­калық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қыр­ғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еура­зиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық эко­номикалық одақтың құқы­ғына кіретін жекелеген халық­аралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қол­дануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарастырды.

Хаттаманың ратификациялануы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы өткізу бекеттерінің инфрақұрылымын жақ­сар­туды, атап айтқанда оларды жайластыру және мате­риал­дық-техникалық жарақ­тандыру бойынша екі жақты уағдаластықтарды орындау мерзімдерін ұзарту жөніндегі ынтымақтастықты көздейді.

Заң Еуразиялық эконо­микалық одақ құқықтары құралатын халықаралық шарттар мен актілердің кедендік құ­қық­тық қатынастарын реттей­тін талаптарға сәй­кестігін қам­тамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталған комитет мүшелері тал­қылау қоры­тындысы бойынша заңды палата отырысының қа­рауына жіберу туралы шешім қа­был-
дады.

 

«Егемен-ақпарат»