Ғ.Қойшыбаев цифрлық технологияларды енгізу және бюрократиядан арылту мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін арттырып қана қоймай, бірінші кезекте қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға ықпал ететінін атап көрсетті.
«Биыл дебюрократизациялау және цифрландыру мәселелерінде бірқатар серпінді қадамдарды жүзеге асыруымыз керек. Ең алдымен, мұнда халықтың бірінші кезектегі қажеттіліктеріне ерекше назар аударған жөн. Бұл жұмыс Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі жарлықты және Президенттің Сайлауалды бағдарламасын орындау шеңберінде кешенді түрде жүргізілуде», деді Ғ.Қойшыбаев.
Аталған міндеттерді шешу қалай іске асырылатыны туралы Б.Мусин баяндады. Мәселен, жасалып жатқан жұмыстың барлығы адамның мүддесіне қызмет етуі керек.
«Біз цифрландыру әрбір қазақстандыққа бағытталуға тиіс екенін түсінеміз. Онлайн-режімде автокөлікті қайта рәсімдеу, туу туралы куәлік алу сияқты азаматтарымыздың өмірін едәуір жеңілдеткен жұмыстар іске асырылуда. Алайда әрі қарай даму керек. 10 негізгі өмірлік жағдайды анықтадық, оларды толығымен қарастырып, өзіміз үшін проактивті мемлекеттік қызметтерді енгізу бойынша жұмысты жалғастыратын негізгі сәттерді белгіледік», деді Б.Мусин.
Сонымен қатар министр мемлекеттік қызметшілерге, азаматтарға және бизнеске әсер ететін бюрократиядан арылту процесінің үш негізгі бағытын белгіледі. Мәселен, мемлекеттік қызметшілер үшін деректер негізінде шешімдер қабылдауды жеделдетуде есеп беруді автоматтандыру, азаматтар үшін Отбасының цифрлық картасын (құжаттарды қажет етпейтін проактивті қызметтер) енгізуді, бизнес үшін таза парақтан реттеуді жүргізу жоспарлануда.
Кеңесті қорытындылай келе, Ғ.Қойшыбаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне цифрлық трансформацияны ілгерілетудің маңызды екенін еске салды.
«Бюрократиядан арылту тек мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдетумен ғана шектелмеуі керек. Оны еліміздің азаматтары өздерінің күнделікті өмірінде сезінуге тиіс. Бұл мәселені шешу үшін біз адамның мүддесіне бағытталған тәсілді жүзеге асырамыз, ол мемлекеттік аппараттың халықпен өзара іс-қимыл жасауына тікелей әсер етеді», деп түйіндеді Ғ.Қойшыбаев.