Үкімет • 16 Қаңтар, 2023

Саяси тұрақтылық жолында

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат сайлауы – 2022 жылы басталған саяси үдерістің маңызды бөлігі. Биыл 14 қаңтарда өткен іс-шара Парламенттің жоғарғы палатасының жаңарған құрамының қалыптасуы саяси жүйені қайта жаңғырту жолындағы тағы бір қадам болды.

Саяси тұрақтылық жолында

Сенат сайлауы жергiлiктi және республикалық деңгейдегi өкiлдi органдар арасындағы бай­ла­нысты көрсететінін ерекше атап өткен жөн. Мәс­лихат депутаттары Сенат депутаттарын сайлай­ды. Бұл халық өкілдерін біртұтас заң шығарушы билік жүйесіне байланыстыратын маңызды тетік.

Конституциялық реформа мен рефе­рен­думнан кейін Сенаттың өкілді рөлі күшейтілді. Енді Қазақстан халқы ассамблеясының өкілетті мүшелері сенатор мәртебесін алып, Сенаттағы президенттік квотаның бір бөлігі болды, ол өз кезегінде 10 адамға дейін қыс­­қарды.

Әр облыстан және республикалық маңызы бар қаладан 2 сенатор сайланады. Бұл Парламенттің жоғарғы палатасында аймақтардың тең өкілдігін алуға мүмкіндік береді. Осылайша, Сенат біртұтас мемлекеттегі аймақтардың теңдігін және әрбір аймақтың мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдауға қатысуын білдіреді.

 

Ермек ТОҚТАРОВ,

ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің басшысы