Үкімет • 16 Қаңтар, 2023

Азаматтық белсенділік

516 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде Конституцияға сәйкес билік тармақтары түгел жаңғыртылатынын айтқан еді. «Бар­лық мәселе, әсіресе түйткілді және даулы проблемалар конструктивті диалог арқылы, ең алдымен, Парламентте шешілуге тиіс.

Азаматтық белсенділік

Алдағы Сенат және Мәжіліс сай­лауы осы мүмкіндікті береді» деген Мемлекет басшысы Сенаттың сапа­лық тұрғыда құрамын жақсартуды алға қойған болатын. 14 қаңтарда өткен сайлау – осы саяси өзгерістердің анық нәтижесі деп білемін.

Яғни бұл саяси іс-шаралар Пре­зи­денттің алға қойған мақсаттарының біртіндеп орындалып жатқанын аңғартады. Депутаттық корпустың жаңа өкілдері Қазақстанның саяси реформалық тұрғыдан өркендеуіне елеулі үлес қосады деген сенім мол. Әсіресе жастардың күні бүгінге дейін түйіні тарқамаған өзекті де өткір мәселелері шешімін табады деп үміттенеміз. Өйткені әр өңірден іріктеліп, жасырын дауыспен сай­ланған Сенат депутаттары сол аймақ­тың проблемасын бүге-шігесіне дейін білетін халық қалаулылары.

Байқап қарасақ, бүгінде Сенат сай­лауында депутаттық мандатқа ие болғандардың басым бөлігі партиялық тізімнен емес, өзін-өзі ұсынғандар. Бұл – азаматтық қоғамда жеке саяси мүдденің артып келе жатқанының көрінісі.

 

Абылайхан ӘБДІРАШ,

«Медицина жастары» РҚБ төрағасы