Медицина • 17 Қаңтар, 2023

Сцинтиграфия – емдеудің қолайлы әдісі

836 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сцинтиграфия – бұл изотопты қанға жіберу арқылы дененің не дене мүшесінің ішкі құрылысын көрсететін суретті шығару әдісі. Бұл медицинада дұрыс диагностика жүргізуге қолайлы. Бүгінде сцинтиграфияның көмегімен миокардты диагностикалау емдеудің сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.

Сцинтиграфия –  емдеудің қолайлы әдісі

Кардиология және ішкі аурулар Ғылыми зерттеу инс­титутында бірегей аппарат – миокардтың перфузиялық сцинтиграфиясын жүргізуге және жүректің қай аумақтары жеткілікті қанмен және қай­сы­сы нашар қанмен қамта­масыз етілетінін көруге мүм­кіндік беретін гамма-камера жұмыс істейді. Миокард перфузиялық сцинтиграфия­сы – жүректің ишемиялық ауруын диагностикалаудың, жүрек бұлшық етінің күйін және тыныштық пен жүк­теме кезінде коро­нар­­лық тамырлардың функцио­налдығын анықтаудың бірегей инвазивті емес әдісі. Бұл әдіс миокард ишемиясы сияқты қауіпті жағдайды анықтау үшін қауіпсіз және тиімді. Инфаркт қаупін бағалау және жүректің бұлшық ет тінінің қанша бөлігі инфаркт­тан кейінгі тыртықпен ауыс­тырылғанын анықтау қажет болған жағдайда, сцинтиграфия өте қажет.

Зерттеуді гамма-камерада жүргізу үшін пациентке алдын ала радиоактивті фармацевтика енгізіледі. Бұл жүрек аумағын және миокардтың қанығу көрінісін көруге мүмкіндік береді. Радио фармацевтика шамалы сәуле шығаратындықтан пациент осындай дозаны әдеттегі рент­гендік зерттеу арқылы алады.

Айта кету керек, Радио-­логиялық ем­де қолданылатын заманауи препараттар (99 мТс) жұмсақ әсерге ие, бас­қа дәрі-дәрмектермен өза­ра әрекеттеспейді және аллер­гиялық реакциялар тудырмайды. Радиоизотоптық әдіс зерттеуге дайындық кезінде әдеттегі өмір салтын бұзбауға, препараттарды ағзадан табиғи жолмен тез шығаруға мүмкіндік береді. Емнен кейін жарты күннің ішінде денеде радиофармацевтикалық препарат қалмайды. Қажет болса, ем-домды қысқа уақыттан кейін жүргізуге болады. Миокардтың перфузиялық сцинтиграфиясы арқылы операция алдындағы және операциядан кейінгі кезеңде жүректің ишемиялық ауруы мен миокард жағдайын диаг­ностикалау емдеу мен жү­рекке жасалатын опе­рация­лардың сапасын артты­руға ықпал етеді.

Былтыр КІАҒЗИ клиникасында 300-ден аса сцинтиграфия өткізілген.